Қостанай облысында жол белгілерін ұрлауға оқталған азаматты учаскелік полицей құрықтады
Қостанай облысында жол белгілерін ұрлауға оқталған азаматты учаскелік полицей құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай ауданыныңТобыл қаласында «102» пультіне қаланың шағын аудандарының бірінде жол белгілерінің ұрланғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері Глеб Лобазов бірден жіберілді.
Полицей Северный шағын ауданына келіп, оқиға болған жерді тексеріп, бірден екі жол белгісін алып кетіп бара жатқан адамды көрген.
– Өтінім қабылданғаннан кейін бірден оқиға орнына барып, сол жерде күдікті, 60 жастағы ер адамды қылмыс үстінде ұстадым. Залал сомасы 40 мың теңгені құрады, – деді Глеб Лобазов.
Ұсталған адам жол белгілерін металл сынықтарына тапсыруды көздеген.
Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлімі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.