Түлкібаста жыл басынан бері 4 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған
Түлкібаста жыл басынан бері 4 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас аудандық полиция бөлімінде І тоқсанда атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков арнайы іссапармен барды. Полиция басшылығының төрағалығымен болған жиында Алмас Серікбаев баяндама оқыды.
– Аудан аумағында жол-көлік оқиғаларын болдырмау, алдын алу мақсатында жолдар мен көшелерде 70 тексеріс жүргізілді. Анықталған кемшіліктер бойынша құзырлы органдарға 70 ұйғарым жолданды. Берілген ұйғарымдарды орындамаған 13 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке құраммен жыл басынан бері жалпы 4099 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 141 іс сотқа жолданған. Осы орайда атқарылған профилактикалық шаралар нәтижесінде көшеде жасалған қылмыс 50,0%-ға төмендеген. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 36,4%-ға, мас күйінде жасалған қылмыс 55,6%-ға азайған, – деп атап өтті Серікбаев.
Жиын соңында А.Қалдарбеков жеке құрамның алдағы қызметіне сәттілік тілеп, сыбайлас жемқорлық пен түрлі құқық бұзушылықтарға жол бермеуді қатаң ескертті.