Павлодар облысында колледж студенті 30 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды
Павлодар облысында колледж студенті есірткімен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істегені үшін 30 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Студенттер көбіне оңай және тез ақша табудың иллюзиясына азғырылады. Есірткі заттарын сатуды жүзеге асырады, оларды арнайы жабдықталған құпия жерлерде қалдырады, есірткіні тұтынушы болады.
Павлодар облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымы саласында қылмыс жасаған 18 адам анықталды. Заң бұзғандардың арасында 60 жастағы ер адам да бар. Алайда көп жағдайда 18-24 жас аралығындағы адамдар.
Мысалы, қаңтар айында Екібастұз қаласында 18 жастағы колледж студенті ұсталды. Оны жеке тінту кезінде ерекше иісі бар жасыл түсті байламдар табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 4,8 грамм болатын гашиш пен 2 грамм кептірілген марихуана екені анықталды.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Жас жігіт сотта қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәсін мойындады. Сот үкімімен жас жігіт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 30 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.