Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында шекарадан темекінің ішіне есірткі салып өтпек болған азамат ұсталды

Түркістан облысында шекарадан темекінің ішіне есірткі салып өтпек болған астаналық азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданының тәртіп сақшыларына ҚР ҰҚК “Жібек жолы” шекара бақылау бекеті қызметкерлерінен есірткі алып өтпекші болған Астана қаласының тұрғыны туралы хабарлама келіп түсті.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына өтпекші болған астаналық тұрғынды тексеру барысында қызметкерлер Телли атты қызметтік иттің көмегімен күдікті ер адамды ұстаған. Онымен әңгімелесу жүргізіліп, тексеру кезінде қалтасынан есірткіге ұқсас заты бар темекінің 12 данасы табылды. Алынған заттар сараптамаға жолданып, қорытындысы бойынша 5 грамм болатын марихуана есірткісі екені анықталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлар-мен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алынды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру