Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғынын 3 млн теңгеге қарызға батырған күдікті қолға түсті

Түркістан облысының тұрғынын 3 млн теңгеге қарызға батырған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жамбылдық тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлады. Арызданушы әйелдің айтуынша, ол пайызсыз несие алып беремін деген жарнамаға сеніп, күдіктімен WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы танысып, одан несие рәсімдеп беруін сұраған.  

Содан күдікті ер адам тіркелу үшін жәбірленуші әйелдің жеке куәлігін сұрап алып, атынан бір емес бірнеше банктен несие рәсімдеген. Соңында өзінің алданғанын білген әйел полицейлердің көмегіне жүгінген. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Жалпы шығын көлемі 3 миллион теңгеге жуық.

Полицейлер қылмысты ашу бағытында қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде сақшылар алаяқтық жасаған тұрғынның жеке басын анықтады. Ол Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда ер адам қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру