Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ҚАЖ қызметкерлері жас домбырашылардың флешмобына атсалысты

Қарағанды облысында ҚАЖ қызметкерлері жас домбырашылардың флешмобына атсалысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысыны және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №36 мекемесінің қызметкерлері жас домбырашылардың флешмобын қолдады. Қазақ халқының төл өнері жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен домбыра еске түседі. Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар.Көрнекті композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына Долинка кентінің №36 мекеме қызметкерлері күйшінің ең танымал «Ерке сылқым» шығармасын орындады.

– Ұлы композитор Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы – еліміздің маңызды оқиғасы. Өйткені, ол біздің мәдениетіміздің дамуына үлкен әсер етті. Оның шығармаларымен ұрпақ өсті, өсіп те келеді. Мекеме қызметкерлерінің арасында Құрманғазы шығармашылығынан қол үзбеген білгірлер бар. Олар бұл оқиғаны жіберіп алмады, – деп атап өтті ҚАЖ қызметкері Айдос Дүйсекенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру