Түркістан облысында тұрғыннан трамадол дәрісі тәркіленді
Түркістан облысында тұрғыннан трамадол дәрісі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын заңға қайшы психотроптық трамадол дәрісін қолданатыны туралы хабарлама келіп түскен.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеп, тексеру жұмыстарын бастап кетті.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдік тудырған тұрғынды анықтады. Күдікті ер адамды тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 24 дана трамадол дәрісі табылып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда тұрғынға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.