Алматы жолдарында тәртіпсіздік жасаған көлік жүргізушілері жазаланды
Алматы жолдарында тәртіпсіздік жасаған көлік жүргізушілері жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері әлеуметтік желілерден белгілі болды.
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жүргізушілерді анықтап, оларды мынадай құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартты. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 2-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды.