Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтар анықталды

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының Бәйет ауылында ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын заңсыз салумен айналысқан Өзбекстан Республикасының азаматтарын "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Азария Шукубаева мен Снежанна Захарова анықтады.

- Еңбек қызметін уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматтары ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс беруші де жазаланды, - деді облыстық көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

Павлодар облысының полиция департаменті азаматтардан Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру