Қарағандыда тұрғынның телефоны мен ақшасын ұрлаған күдікті қолға түсті
Қарағандыда тұрғынның телефоны мен ақшасын ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызданды. Белгілі болғандай, жәбірленуші азаматша түнгі көңіл көтеретін орында болған. Кейін біршама уақытқа өзінің қол сөмкесін сол жердің әкімшісінің алдындағы үстелге қойып, шығып кеткен. Қайтып оралғанда белгісіз біреу ішінде құны 350 мың теңге болатын телефоны мен 10 мың теңге ақшасы бар қол сөмкесін ұрлап кеткенін байқаған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы азамат ұсталды. Ол өз ісін мойындады. Күдіктіден жәбірленушінің телефоны тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.