Жетісу облысында қараусыз жүрген жылқының кесірінен көлік жүргізушісі көз жұмды
Жетісу облысында қараусыз жүрген жылқының кесірінен көлік жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасыDaewoo Nexia автокөлігінің қатысуымен Үшарал – Достық тас жолының 48 шақырымында болды. Автокөлік жүргізушісі жолда бос жүрген жылқымен соқтығысқан. Жол апатынан 44 жастағы ер адам қаза тапты. 41 жастағы автокөлік жүргізушісі де ауруханаға жатқызылды.
ЖКО дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес жүргізіліп жатыр.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды ҚР жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік талаптарын елемеу қайғылы салдарға әкеледі. Жыл басынан бері облыстың автожолдарында 126 ЖКО тіркеліп, 36 адам қаза тауып, 186 адам жарақат алды.
Ауыл тұрғындарынан үй жануарларының көліктер көп жүретін жолдарға шығып кетпеуін қадағалауды және соның салдарынан адам өліміне әкеп соғатын жол-көлік оғиғаларын болдырмауды сұраймыз.