Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі азамат қайтарымсыз грант ұтып алды

Қызылордада пробация есебіндегі азамат қайтарымсыз грант ұтып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айында Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азамат қайтарымсыз грант ұтып алды. Ол «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқып, жиһаз жасау бойынша бизнес жобасын дайындап, 1,4 млн теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.

– Қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Нұрбол Баймурзаевтың айтуынша, пробация есебіндегі азаматтар арасында жеке кәсіпке бет бұрғандар күннен-күнге артып келеді. Жыл басынан 3 сотталған азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Соның бірі А. есімді азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, үйінің ауласынан цех ашып, халықтың сұранысына сәйкес жиһаздар жасап жатыр. Пробация есебіндегі жұмыссыз азаматтарды жеке кәсіп ашуға ықпал жасасақ, енді бірін тұрақты жұмысқа орналастырып жатырмыз. Сондай-ақ пробация есебіндегі сотталғандармен қайта қылмыстың алдын алу мақсатында жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, – дейді Н.Баймурзаев.

– Мемлекет тарапынан біз секілді азаматтарға қолдау көрсетіп, қайтарымсыз грант бөлініп жатқандығы, бизнес жобамыздың жандануына септігін тигізгеніне өте қуаныштымын. Алдағы уақыттағы басты мақсатым – кәсібімді үлкейтіп, жұмысссыз азаматтарға жұмыс ұсынып, халықтың сұранысына сәйкес жиһаздар жасау. Жеке кәсіп ашуыма ықпал жасап, құқықтық көмек көрсеткен пробация қызметіне алғысым шексіз, – дейді сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру