Мақтаарал полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктіні анықтады
Мақтаарал полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі аккумулятор ұрлығы бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу оның ВАЗ-21013 маркалы көлігінен аккумуляторын жымқырып, мүліктік зиян келтірген. Оқиға орнына дереу шыққан жедел-тергеу тобы ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырды. Осы іске бекітілген тергеуші И.Пердехан шұғыл әрекет етіп, тиісті тексеру жүргізіп, зерттеу тағайындады.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің ауылдасы, жергілікті тұрғын болып шықты. Тексеру кезінде күдікті бөтеннің мүлкін сатып жіберіп, ақшасын бас пайдасына жаратып жібергені белгілі болды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Нәтижесінде іс заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.