Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері оқушылардың жазғы демалысы қарсаңында жол ережелерінің 3 мыңға жуық бұзушылығын анықтады

СҚО полицейлері 3 мыңға жуық жол ережесін бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс уақыты жақындап қалды – бұл уақытта көшеде қозғалыстың жас қатысушылары пайда болады. Осы жауапты күндері СҚО полицейлері «Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жұмыс жасайтын болады. Ол 15 мамырда бастау алды. Жыл басынан бері СҚО-да балалардың қатысуымен болған 8 ЖКО тіркелді, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қаза тауып, 8 адам жарақат алды. Бұл ретте тек екеуі ғана жаяу жүргінші болған, қалғандары жолаушы ретінде зардап шекті.

ЖПІШ шеңберінде полицейлер жүргізушілермен әңгімелесулер өткізеді, жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін еске салады, балаларды ұстау құрылғыларын міндетті түрде пайдалану, сондай-ақ балаларға жолдағы қауіпсіз мінез-құлық туралы айтып беру қажет. Жас жолаушылары бар автокөлік жүргізушілеріне тәртіп сақшылары басқа жүргізушілердің назарын аудару үшін «Көліктегі бала» жапсырмаларын сыйлауда. Сондай-ақ алдын алудың маңызды бөлігі – оқушылармен кездесу. Полицейлер жолдың өту ережелерін, жолдың жанында және аулалардағы кіреберіс жолдардағы ойындардың қауіптілігін еске салады. Ешбір жағдайда кенеттен жолға шығып кетпеу керек. Сондықтан қиылыста немесе жаяу жүргіншілер өткелінде велосипедтен немесе скутерден түсіп, оларды жаяу тәртіппен ауыстыру қажет.

– Жолдарда тексерулер жүргізіліп жатыр. 9 күн ішінде жүргізушілер жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеген 71 жағдай анықталды. 183 автокөлік жүргізушісі қиылыстардан өту ережелерін бұзды. Көшеден дұрыс өтпеген 190 жаяу жүргінші жауап берді. Жолдарда барлығы 2813 түрлі бұзушылықтар анықталды. Құрметті қозғалыс қатысушылары! Балалардың жолдағы қауіпсіздігі сіздің жеке тәртібіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру