ШҚО-да пробация есебіндегі 10-нан астам сотталған жұмысқа тұруға мүмкіндік алды
Өскемен қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының алдында жұмыссыздарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке жұмысына 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, 150-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Көптеген ұйымдар жүргізушілерді, дәнекерлеушілерді, слесарьларды, тамақтандыру саласы бойынша қызметкерлерді іздеді. Медициналық мамандар да сұранысқа ие болды.
– Бұл биылғы екінші жәрмеңке. Бүгінгі таңда құрылыс, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық тамақтану саласында кадрларға сұраныс бар. Сондықтан біз бүгінгі күні бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілерді шақырдық,- деп атап өтті Өскемен қаласының пробация қызметінің аға инспекторы Ажар Оразғалиева.
Ұйымдастырушылардың айтуынша (жергілікті атқарушы орган мен Өскемен қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы), жалпықалалық жұмыспен қамту жәрмеңкесі бүкіл облыс бойынша жұмыс берушілерді және жұмыс іздееп жұргендерді біріктіретін ауқымды шара.
Жәрмеңке соңында, пробация қызметінде есепте тұрған 10-нан астам сотталған одан әрі жұмысқа орналасу қаланың жұмыс берушілері үшін жолдама алды.