Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жасөспірімдердің телефондарын тартып алған азамат ұсталды

Астанада жасөспірімдердің телефондарын тартып алған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға арызданған елорда тұрғынының айтуынша белгісіз біреу кәмелетке толмаған ұлының Redmi телефонын тартып алып, 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Тергеу барысында күдікті елордалық колледждердің бірінің аумағында бола тұра, заңсыз әрекетінің құрбаны ретінде бірінші курс студенттерінің арасынан және физикалық жағынан әлсіз балаларды таңдап алғаны анықталды. Ол 16 жастағы жасөспірімге жақындап, оны әңігемеге тартқан. Баланың қолындағы телефонын ер адам тартып алып, ұрлап кеткен. Оның басқа да дерекке қатысы бар екендігі белгілі болды. Келесі күні дәл осы тәсілмен тағы бір кәмелетке толмағанның Samsung телефонын алып қойған.

– Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу нәтижесінде бұрын істі болған 21 жастағы Ақмола облысының тұрғыны құрықталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғы тексеріліп жатыр, – дейді Есіл ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбшекенов.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды ескертеді. Сізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалған жағдайда шұғыл түрде “102” арнасы арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру