Жетісуда арнайы жасақ жауынгерлері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларымен кездесті
Халықаралық балаларды қорғау күнінде департамент бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов бастаған облыстық жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері "Динамо" ДШСҚ-мен бірлесіп кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы жасақ жауынгерлері тәрбиеленушілерге қоян-қолтық ұрыстың элементтерін қолдана отырып, өз өнерлерін көрсетті. Полицейлер аймақтық филармонияның музыканттары мен әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
- Барлық ересектердің міндеті - әрбір баланың балалық шақтағы естеліктері мейірімді және бақытты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысу. Бұл әртүрлі жағдайларға байланысты бейімдеу орталығына түскен балаларға да қатысты. Олардың әрқайсысына балалық шақтарын ата-аналарыларының құшағында, туыстарының қасында өткізуге шын жүректен тілектеспін, - деп атап өтті полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ж.Байкенов.
Тәртіп сақшылары мен "Динамо" ДШСҚ өкілдері балаларға түрлі спорттық құрал-жабдықтар, ойлау қабілетін дамытуға арналған ойыншықтар мен тәтті сыйлықтарды тарту етті. Өз тарапынан орталықтың тәрбиеленушілері еліміздің лайықты азаматы болуға тырысамыз деп сендірді.