Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда арнайы жасақ жауынгерлері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларымен кездесті

Халықаралық балаларды қорғау күнінде департамент бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов бастаған облыстық жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері “Динамо” ДШСҚ-мен бірлесіп кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы жасақ жауынгерлері тәрбиеленушілерге қоян-қолтық ұрыстың элементтерін қолдана отырып, өз өнерлерін көрсетті. Полицейлер аймақтық филармонияның музыканттары мен әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

– Барлық ересектердің міндеті – әрбір баланың балалық шақтағы естеліктері мейірімді және бақытты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысу. Бұл әртүрлі жағдайларға байланысты бейімдеу орталығына түскен балаларға да қатысты. Олардың әрқайсысына балалық шақтарын ата-аналарыларының құшағында, туыстарының қасында өткізуге шын жүректен тілектеспін, – деп атап өтті полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ж.Байкенов.

Тәртіп сақшылары мен “Динамо” ДШСҚ өкілдері балаларға түрлі спорттық құрал-жабдықтар, ойлау қабілетін дамытуға арналған ойыншықтар мен тәтті сыйлықтарды тарту етті. Өз тарапынан орталықтың тәрбиеленушілері еліміздің лайықты азаматы болуға тырысамыз деп сендірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру