СҚО тұрғындары қылмыстың бетін ашқан полицейлерге алғыс айтты
СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың поштасына Тайынша ауданының тұрғындарынан қылмыстың беті ашылғаны үшін алғыс хаттар келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тайынша аудан орталығының тұрғыны полицейлерге пәтер ұрлығын ашқаны үшін ризашылығын білдірсе, ал кәсіпкер, ауыл тұрғыны оның дүкенін өртеп жіберу фактісін ашқаны үшін алғысын білдірді. Өрт қою әрекеті өткен жылы болған. Бақытқа орай, өрт едәуір зиян келтірген жоқ. Қазіргі уақытта кінәлі адам жазасын қоғамнан оқшаулаусыз өтеп жүр.
– Тайынша ауданының ПБ қызметкерлеріне қылмыстарды ашуда сәттілік, денсаулық, отбасыларында табыс пен амандық тілеймін, – деп жазды кәсіпкер.
– Полиция қызметкерлері үшін мұндай қылмыстың бетін ашу – күнделікті еңбек күндерінің бірі , олар ең алдымен өз міндеттерін орындады. Алайда ризашылық сөздері одан әрі қызмет етуге түрткі болатынын, ал полицейлердің жұмысына тікелей жауап беру – адамдардың полицияға және жалпы мемлекетке деген сенімінің маңызды көрсеткіші саналатыны сөзсіз, – дейді аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.