Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесе отырып, көлік колледжі, Семей қаласының медицина университеті, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері арасында іс-шара өткізді.


Студенттер арасында ҚР мемлекеттік рәміздерінің білімін тексеруге викторина ұйымдастырылып, студенттер түрлі конкурстарға қатысты. Өз белсенділіктері арқылы мемлекеттік рәміздер туралы білуге қызығушылық танытты.


Жазаны орындау өкілдері ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері жас студенттер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін тиісінше қолданбағаны және пайдаланғаны, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы ақпараттық жұмыс жүргізді. Студенттер ақпаратты тыңдап, осы тақырыпқа қызығушылық танытып, қосымша сұрақтар қойды. Департамент қызметкерлері тиісінше түсініктеме берді.

Аталған іс-шара соңында музей қызметкерлері жоғары деңгейдегі мамандар Азамат Әділбеков, Анар Төлеубаева, Дана Бейбіткова департамент қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін, ақпараттық жұмыстарды жүргізгені үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру