Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Алматы академиясының полицейлері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды

“Есірткіге жол жоқ!” ұранымен ҚР ІІМ Алматы академиясының полицейлері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соның арасында тәртіп сақшылары бұл бастаманы қолдау үшін басқа аймақтардағы әріптестеріне челлендж жолдады. Өмірдің қиын жағдайына түскен, сондай-ақ девианттық тәртіптегі балалар тәрбиеленетін жасөспірімдерді оңалту орталығына баруды ІІМ Алматы академиясының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау ведомствоаралық орталығының қызметкерлері ІІМ кинологиялық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған. “Есірткіге жол жоқ” атты айлық іс-шара щеңберінде өткізілді.

– Басты көздеген мақсатымыз – қиын жағдайдағы балалардың көңіл-күйлерін көтеру болды, сонымен қатар қоғамның ең ауыр қасіреті – есірткіден өскелең ұрпақты барынша қорғау. Балалар өте жақсы. Олардың болашаққа нық сеніммен қарайтыны қуантады, – деді орталықтың бастығы Мадияр Ақылбаев.

Жеткіншектермен кездесу барысында есірткі дертінің зияны мен оның ауыр салдары туралы роликтер көрсетілді. Мұнымен қоса, кинолог мамандар өздерінің төрт аяқты көмекшілерімен қызметтік иттерді үйрету жолдарын көрсетті. Балалар кәсіби мамандарға қарап тәнті болды. Төрт аяқты иттер есірткі, психотропты, жарылғыш заттарды жедел іздеу тәсілдерін ортаға салды.

Бұдан кейін балаларды тосын сыйлар мен сыйлықтар күтті, тәттілер де ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру