Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мотоцикл жүргізушісі жеңіл көлікпен соқтығысып қалды

Павлодар облысында мотоцикл жүргізушісі жеңіл көлікпен соқтығысып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы кезеңде көшелер мен автожолдарда мотоциклдердің саны артып, соның салдарынан осы көліктің қатысуымен болатын көлік апаттары артып барады. Статистикаға сәйкес, мотоцикл жүргізушісі үшін жеңіл автокөлік жүргізушісіне қарағанда өлім қаупі 20 есе жоғары. Көп жағдайда ЖКО жүргізуші куәлігі және мотошлемі жоқ адамдардың қатысумен болады.

– Мәселен, 2 маусымда сағат 13.00-де Ақтоғай ауданы Жолболды ауылынан 15 шақырым жерде 32 жастағы мотоцикл жүргізушісі аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды, – деді Павлодар облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Азамат Куркебаев.

4 маусымда сағат 14.00-де Павлодар қаласының Геринг – Украинская көшелерінің қиылысында Delivery скутердің 40 жастағы жүргізушісі Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутердің жүргізушісі мен оның 38 жастағы жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Скутер айыппұл тұрағына қойылды.

Ең жоғары конструктивті жылдамдығы 50 км/сағаттан асатын мотоцикл мемлекеттік тіркеуге жатады, кез келген жүргізуші 50 км/сағаттан жоғары жылдамдығы бар мотоциклді басқаратын адамдардың өздерімен бірге жүргізуші куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлігі болуы тиіс. Көлікке мінген кезде жүргізуші мен оның жолаушысы арнайы қорғаныс құралдарында болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру