Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жас түлектерге кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Түркістан облысында мектеп оқушыларына кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу жылының аяқталуына орай мектепті бітіріп жатқан түлектердің кортеж ұйымдастыру жайттары толастар емес. Осындай кезекті құқық бұзушылық Төлеби ауданында болды.

Нақтырақ айтсақ, аудан көлемінде полицейлермен «Бір ай жол-көлік оқиғасыз» акциясы өткізіліп жатыр. Осындай кезекті жұмыс кезінде төлебилік тәртіп сақшылары автокөлік басқару кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін сақтамай, тасымалдау ережелерін бұзуға жол берген жүргізушілерді анықтады. Яғни Tоyota Alphard, Tоyota Land cruzer 200, Tоyota Camry, Mersedes Benz, Chevrolet Cruze, Ваз-21099 автокөліктері анықталды.

Бұл көліктердің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен – 4, 593-бабы 1-бөлігімен – 7, 595-бабы 1-бөлігімен 3 әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айыптұраққа қойылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру