Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 2 млн теңгеден астам соммаға жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Алматыда 2 млн теңгеден астам соммаға жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселе Ресей Федерациясында тіркелген көлік туралы болып отыр.

Автоматтандырылған бағдарламалық жүйелердің мәліметі бойынша, осы Audi автокөлігінің жүргізушісі аз уақыт ішінде 92 рет жол қозғалысы ережесін бұзған.

Айыппұлдың жалпы сомасы 2,2 млн теңгеден астам соманы құрады.

– Аталған бұзушылықтардың барлығы қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелген. Жүргізуші көбінесе жылдамдықты бұзған. Оны «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстау мүмкін болды. Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы жалған мемлекеттік тіркеуіш нөмірлік белгілерін пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» кешені қала жолдарында 3 мың 501 құқық бұзушылықты анықтады, – дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Спикердің айтуынша, жақында Алматы жолдарында жүргізушілердің әрқайсысы 800 мың теңгеден кем емес заңбұзушылық жасаған тағы екі шетелде тіркелген көлік ұсталды.

Олардың көліктері де мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Алматы полициясы әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу қажеттігін тағы да еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру