Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерлан Файзуллин Қостанай облысының полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық жабдықталуын тексерді

Ерлан Файзуллин Ұзынкөл және Меңдіқара полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық жабдықталуын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесуде Қостанай облысы ПД бастығы сеніп тапсырылған аумақтарда қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге баса назар аударды.

– Бүгінде құқықтық тәртіп мәселелері халықпен тығыз қарым-қатынаста шешілуі тиіс. Полицейлердің құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмысы үшін ведомстводағы көптеген жұмыс процестері қайта құрылуда – бюрократиясыздандыру белсенді түрде жүргізілуде, полиция қызметін цифрландырудың үздіксіз процесі жүзеге асырылып жатыр. Бұл ретте қоғам тәртіп сақшыларынан тәртіпті мүлтіксіз сақтау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы іс-қимылды талап етеді. Бұл үшін жағдай жасау жалғасып жатыр, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.

Қостанай облысы ПД бастығы жеке құрамды түрлі дағдарыстық жағдайларға дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ қызметкерлердің атыс алаңдарына арналған оқу полигондарына шығуын жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, департамент басшысы көші-қон мәселелеріне назар аударды.

– Қазір еңбек мигранттарының жұмыс істеу маусымы, олар елдің көші-қон заңнамасын сақтауы тиіс. Бұл мәселені, әсіресе, жазда облыста нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатқан кезде назарда ұстау маңызды, – деп атап өтті ол.

Жеке құраммен кездесу барысында аудандық полиция бөлімшелері қызметінің түрлі бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сапар соңында Ұзынкөл және Меңдіқара полиция бөлімдерінің жеке құрамына Ерлан Файзуллин 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының бағыттарын айтты, ол құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді жүйесінің негізіне алмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру