Үйдің ауласында ұйықтап қалған мас ақмолалық телефоны мен ақшасынан айырылып қалған
Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында ұйықтап қалған мас ақмолалық ақша мен ұялы телефонынан айырылып қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 маусымында Көкшетау қаласының полиция басқармасына белгісіз біреудің қолма-қол ақша мен ұялы телефонын еркін қол жеткізу арқылы ұрлап кеткендігі туралы жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті.
Жәбірленуші қайтып келе жатып, көп қабатты үйдің ауласындағы орындыққа отырып, ұйықтап кеткендігі белгілі болды. Оянған кезде ер адам қолма-қол ақшасы мен Redmi телефонының жоғалғанын анықтаған.
Полиция басқармасы аталған деректі ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады.
Жәбірленушіге тиесілі заттай дәлел, Redmi телефон тәркіленді.