Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 158 бала ІІО-ға жеткізілді

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оларға қарсы жасалатын қылмыстарға жол бермеу, сондай-ақ балалардың түнгі уақытта бейсауат жүрмеу мәселелерін қадағалау мақсатында 7-9 маусым аралығында Қарағанды облысы аумағында республикалық “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шара барысында тәртіп сақшылары түнгі көңіл-көтеретін орындар мен компьютерлік орталықтарға рейд жүргізді.

Алдын алу іс-шарасы бойынша рейдтік жұмыстарға департамент басшылығы да қадағалау жасап, жасөспірімдердің ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдердің бірі уақыттың түн жарымы болғанына қарамастан компьютерлік орталықта ойын ойнауға келген. Сондықтанда тәртіп сақшылары бұл жерге баланың ата-анасын шақырып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізді.


Жалпы облыс аумағында өткізілген алдын алу іс-шарасы барысында ішкі істер органдарына түнгі уақытта бейсауат жүрген, сондай-ақ құқық бұзушылыққа бейім 158 бала жеткізілсе, ата-анасы тастап кетіп, қиын жағдайға тап болған 9 бала уақытша оңалту орталығына орналастырылды. Сонымен қатар қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан 185 бала мекенжайлары бойынша тексерілді.

– Түнгі уақытта, яғни сағат 23.00-ден көшеде және сағат 22.00-ден кейін компьютерлік ойын-сауық орындарда жүрген балалардың ата-аналарына 3 айлық есептік көрсеткіш, ал ойын-сауық орындарының иелеріне 10 айлық есептік мөлшерде айыппұл салынады. Түнгі уақытта көшеге және ойын орындарына балаларыңызды жібермеуңізді сұраймын, – деді Онтүстік-шығыс ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Асыл Жұманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру