Ақмола облысында «ЖКО-ға ұшыраған келін» енесін 6 млн теңгеге тақырға отырғызған
Көкшетау полицейлері қылмыстық схемаға қатысушылардың бірін ұстады. Алаяқтықты тікелей ұйымдастырушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті ЖШС бірінің басшысына үрейлі қоңырау 9 маусым күні келіп түсті. Қоңырау шалған әйел өзін Алматы қаласынан, тергеуші ретінде таныстырып, ақмолалыққа оның келіні оңтүстік астанада жол-көлік оқиғасын жасап, зардап шеккендердің барын хабарлаған. Жалған тергеуші сенімділік үшін тіпті телефон тұтқасын «келініне» беріп, ол жылап енесінен ауруханада жатқан зардап шеккендерге көмектесу үшін 6 млн теңге аударуды сұраған. Үрейленген әйел дауыстың туысына тиесілі емес екендігін аңғармаған. Барлық жағдайларды нақтылау үшін оған қайта қоңырау шалмаған..
Әрі қарай, алаяқтар жәбірленушіні «басқарды» деп атайды. Қолма-қол ақшаны алу және одан әрі қолма-қол ақшаны үлкен ақша пакетін алған сыбайласына беру туралы нұсқаулар берген.
Қорыққан әйелді алдау оңай екендігін түсініп, алаяқтар тағы 50 мың АҚШ долларын сұраған. Алайда әйелде мұндай сомада ақша болмаған.6 млн теңге көлеміндегі барлық соманы бергеннен кейін ғана әйел апаттан зардап шеккендердің жай-күйі туралы білу үшін келініне қоңырау шалған. Алайда келіні ешқандай апатқа ұшырамағанын және қайын енесіне қоңырау шалмағанын айтқан.
Жәбірленуші алаяқтық туралы Көкшетау қаласының полиция басқармасына дереу хабарлады. Келіп түскен өтінішке дереу әрекет етіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін ұйымдастыра отырып, сол күні полицейлер қатысушылардың бірін ұстады. Қолма-қол ақшаның бір бөлігі бірден тәркіленді. Ұсталған адамның айғақтарына сәйкес, ол басқа бөлігін алдамшы схеманы ұйымдастырушыларға беріп үлгерген.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның сыбайластарын анықтау және ұстау жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатыр.
Полиция азаматтардан қырағы болуды және ақшаны үшінші тұлғаларға бермеуді сұрайды.