Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактісі тіркелді

Екібастұз қаласының ПБ көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактісін тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, Өзбекстан Республикасының алты азаматы мен Әзірбайжан Республикасының бір азаматы қала нысандарының бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған.

- Құжаттарды тексеру олардың біреуінің біздің елде тіркелу мерзімі өтіп кеткенін, оған ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, қалған шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Барлық материалдар қарастырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Еңбек мигранттарын жалдаушыға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру