Павлодар тұрғындары тыныштықты бұзған көршілеріне шағымданды
Павлодар тұрғындары тыныштықты бұзған көршілеріне шағымданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар полицейлері облыс тұрғындары тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы еске салады.
– Жаз келіп, күн жылынғалы бері павлодарлықтар тыныштығын бұзатын түнгі қатты музыкаға жиі шағымданады. Жыл басынан бері екі мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД.
Мысалы, 12 маусым сағат 03.06-да полицияға Ленинский кентінің тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Ер адам түнде қатты музыка тыңдайтын көршісіне шағымданды, ол басқалардың ескертулерін елемей, ұйықтауға кедергі келтіреді. Мекенжайға келген учаскелік полиция қызметкері 35 жастағы тыныштықты бұзушымен әңгімелесті.
– Музыка адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Бірақ бәрінің өз уақыты бар. Біз музыка әуесқойымен үйлесімді қарым-қатынас орната алмадық. Сондықтан полицейлердің көмегіне жүгіндік, – деп ер адам шағымданады.
Сол түні полицияға осындай қоңырау Торайғыров көшесі, 72 мекенжайындағы тұрғындардан сағат 03.36-да келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенде, мереке әлі де қатты музыка мен микрофон әнімен сүйемелденді. Осы кеште отбасы қонақтармен бірге қызының туған күнін атап өтті. Тәртіп бұзушыларға қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.
Полицейлер тағы да заңмен белгіленген уақытты еске салады: жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін шу шығаруға болмайды. Сонымен қатар бұл шектеулер жөндеу жұмыстарына да қатысты. Әйтпесе, 5 АЕК айыппұл төлеуге тура келеді. Бұл – 17 250 теңге.