Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс полицейлері 67 борышкер жүргізушіні тұрғылықты жері бойынша тексерді

Ертіс полицейлері 67 борышкер жүргізушіні тұрғылықты жері бойынша тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың уақытылы орындалуы мақсатында Ертіс ауданының полицейлері 67 борышкерді тұрғылықты жері бойынша тексерді. Нәтижесінде 236 мың теңгеден астам сомаға 14 айыппұл өндірілді.

– Биыл аудан аумағында 909 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 447 материал бойынша 6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 5 млн теңге өндірілді. Мәжбүрлеп орындауға 41 материал жіберілді, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімшілік полиция бастығы Данияр Сульбаев.

Негізгі проблема 7 жұмыс күні ішінде айыппұлдарды уақытылы төлемеу болып қала береді, яғни 50% жеңілдік қарастырылған кезде. Басында төлеуге уақыт жеткілікті болып көрінеді, содан кейін сома өскен кезде борышкерлер төлемді өтеуге асықпайды.

Тәртіп сақшылары айыппұлдарды келесі жолдармен тексеруге және төлеуге болатындығын еске салады:

– электронды үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде egov.kz сайты арқылы;

– екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде;

Kaspi.KZ, Halykbank мобильді қосымшалардағы онлайн төлем арқылы.

Естеріңізге сала кетейік, алдын алу шарасы 30 маусымға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру