Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында балаларына алимент төлеуден жалтарған әке сотталды

Абай облысы Үржар ауданында алименттен жалтарған екі әкеге заңды жаза тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үржар ауданы бойынша cот орындаушылардың айтуынша, бұл өзге борышкерлерге сабақ болуы тиіс. П. есімді азамат алты жыл бойы екі баласына алимент төлеуден жалтарып келген. Өзін қорғау үшін ол ресми кірісі жоқ екенін алға тартқан. Бүгінге дейін ер адамның балалары алдындағы қарызы 6,1 млн теңгеден асқан.

20 наурызда Абай облысының кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 44-бабы 1-бөлігімен (Бас бостандығын шектеу) жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған П. есімді азамат Абай облысы бойынша Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебіне алынып, екі ай мерзім ішінде өзімен атқарылған тәрбие жұмыстарынан және жаза өтеу тәртібін бұзылмауы жөнінде жүргізілген жұмыстардан қорытынды шығармағандықтан, сот жүктеген міндеттерді елемей, бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылып, маскүнемдікке салынып, жұмысқа орналасқысы келмегені үшін сот шешімімен борышкер сот залынан өтелмеген жазасы үшін қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру