ІІМ Алматы академиясында Ахмет Тұмарбековты еске алу кеші өтті
Алматы академиясында Ішкі істер министрлігіне еңбек сіңірген қызметкері ІІО-ның аңыз адамы – Ахмет Тұмарбековты еске алу кеші өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ.М.Есболатов атындағы Алматы академиясында еңбегімен ел есінде сақталған тұлғаларды еске алу, олардың өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету арқылы адал қызмет етіп, абыройға бөленудің бақытын насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.
Мұның бір дәлелі – бүгін Қазақстан полициясының аңыз адамына айналған Ахмет Тұмарбековты еске алуға арналған шығармашылық кеш өтті. Аталған іс-шараға Ахмет Тұмарбекұлының басшылығымен жұмыс істеген серіктестері және туыстарының қатысуымен өтті. Қазақ КСР Ішкі істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеген милиция генерал-майоры Тұмарбековті білетіндердің барлығы майдангердің өміршеңдігін, жоғары кәсібилігін және шынайы патриотизмдік тұлғасы ерен екендігіне ерекше тоқталды.
Кешке жиналғандар алдында академия бастығы А.Сайтбеков сөз сөйледі.
– Ұлы Отан соғысының куәгері, КСРО және Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері Ахмет Тұмарбековтың өмірі нағыз өз халқын шексіз сүйетін патриот адамның өмірі. 20 жылдан астам уақыт Қазақ КСР Ішкі істер министрінің орынбасары болып қызмет атқарған майдангер-ардагердің жоғары кәсібилігі мен адал қызметі бүгінгі ұрпаққа өнеге екені даусыз.
Ахмет Тұмарбекұлы құқық қорғау органдарында қызмет атқарған 40 жылдан астам уақыт ішінде жас қызметкерлердің бірнеше буынын тәрбиелеумен қатар бүкіл өмір жолынан өткен жас қызметкерлерге деген үміті мен сенімі офицерлерді тәрбиелеуде ерекше маңызды екенін атап өтті. Бір сөзбен айтқанда Ахмет Тұмарбекұлының Қазақстан полициясына сіңірген еңбегі ешқашан ел жадынан өшпейді, – деді А.Сайтбеков.
Шығармашылық кеш генерал А.Тұмарбеков туралы естеліктер легімен жалғасып, ішкі істер органдары туралы тарих беттері ашылып, генералдың тағдырына қатысты әсерлі әңгімелер айтылды. Ахмет Тұмарбекұлы Петропавл қаласында құқықтық тәртіп органдарында жұмыс істей бастады, Семей облысы ІІБ бастығы болып қызмет атқарды. Генералдың қызметінің көп бөлігі Ішкі істер министрлігінде жұмыс істеумен байланысты болды.
Кештің ең әсерлі сәті Ахмет Тұмарбекұлының «Менің Отаным» атты сүйікті әнін балалардың орындауында болғаны. Генерал сондай-ақ, София Ротарудың сөзіне жазылған әндерін жиі айтып, елінің кеңдігі мен халқына деген сүйіспеншілігін ерекше атап өткен абзал азамат. Ал, академия қызметкерлері қазақ ақындарының лирикалық шығармаларын орындады. Генерал Тұмарбековтың дәйексөздері әсіресе шараға қатысушылардың, оның ішінде аудандық полиция бөлімшелерінің басшыларының да қызығушылығын тудырса, барлық жеке құрам үшін қызметке жаңа бағыт көрсеткені сөзсіз.
Кеш соңында Ахмет Тұмарбекұлының туыстары генералдың өмірі туралы мақалалар, очерктер, фотосуреттер мен басқа да материалдары сақталған альбом сыйға тартты. Бұл естелік экспонат Академияның оқу клубында сақталады және оқу орнының қызметкерлері мен тыңдаушылары үшін нағыз құрал.
Ішкі істер министрлігінің ғылыми-зерттеу қызметінің жоспарына сәйкес, академияда өткізілетін шаралар аясында аңыз адам – Ахмет Тұмарбекұлының 100 жыл толуына орай, еске алу кеші және дөңгелек үстел өтті.