Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тіркелмеген қару мен есірткі сақтаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының тұрғындарынан тіркелмеген қару мен есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында атыс қаруын заңсыз сақтаудың кезекті фактісін анықтады.    

Жедел уәкілдер қабылданған шаралардың нәтижесінде үйінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақтаған Жетісай ауданының екі тұрғынын, яғни әкесі мен ұлын анықтады. Полицейлер олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде Юнкер тіркелмеген қаруды, 16 калибрлі аңшылық мылтық, түрлі калибрлі патрондар, сондай-ақ дубинка мен есірткі заттарын тауып, тәркілеп алды.  

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру