Ақтөбеде 50-ден астам полицей қан тапсырды
Ақтөбеде 50-ден астам полицей қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Ақтөбе қаласының 50-ден астам полиция қызметкері таңертең қызметінен бір сәтке қол үзе тұрып, облыстық қан орталығының алдына жиналды. Оларды мұнда азаматтық парыздары жетелеп әкелді. Полицейлердің әрқайсысы 450 грамнан қан тапсырып, бірнеше адамның өмірін сақтауға өз үлестерін қосты.
Қан тапсырушылардың бірі – Ақтөбе қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Максимов. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері мұндай акцияларды үнемі бірауыздан қолдайды. Себебі күнделікті қызметте талай қауіп-қатерді көзімен көріп жүрген полицейлер қысылтаяң сәтте адам өмірін құтқару үшін донорлықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді.
Бұл шара 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орайластырылып өткізіліп отыр. Мұндай көмек акциялары ақтөбелік полицейлермен жүйелі түрде өтеді және ерікті донор-полицейлердің саны күннен күнге артып келеді.