Абай облысындағы қауіпсіздігі аралас колонияның аумағына тыйым салынған заттарды өткізудің жолы кесілді
Абай облысында қауіпсіздігі аралас колонияның аумағына сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған спирт, ашытқы, насыбай, ойын карталарын лақтырмақшы болған азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеме қызметкерлері мен күзет аймағы бойынша Ұлттық ұлан қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде, аймаққа тыйым салынған заттарды лақтырмақшы болған Семей қаласының азаматының әрекеті тоқтатылды.
Азамат колония қорғанының сыртынан лақтыруға ыңғайлы учаске іздеп жүргенін бекеттегі жауынгер байқаған. Дабылға дер кезінде жеткен тәртіп бөлімінің шапшаң қимыл тобының қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, заң бұзушылықтың алдын алды.
– Тыйым салынған заттарды жеткізу және лақтыру бойынша заңды қанша қатаңдатқанмен заң бұзушылар қатары азаяр емес. Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, ол бұл заттарды бауыры Русланға (есімі өзгертілді) алып келген.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша хаттамалар толтырылды. Тәркіленген заттар сараптамалық тексеруге жіберілді, – дейді мекеме бастығының орынбасары Мақсат Иксанов