Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция күніне орай футболдан жарыс өтті

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдастыруымен тәртіп сақшылары арасында футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған департаменттің аппаратынан, патрульдік полиция полкінен және Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау, Тұран АПБ-ның қызметкерлерінен құрылған 7 команда қатысты.

Аталған шара мегаполисте орналасқан “Марс” спорт-кешенінде өтті. Ойынға қатысушылар бар өнерлерін ортаға салып, жүлделі орындарға таласты.

Жарыс нәтижесінде өзгелерден озып шыққан Әль-Фараби аудандық полиция басқармасының құрамасы І орынды иеленді.


Спортта шымыр екендіктерін дәлелдеген патрульдік полицейлер жүлделі ІІ орын алды.


Полиция департаментінің аппарат қызметкерлері үздіктердің көшін тәмамдап, ІІІ орынға ие болды.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларына “Үздік ойыншы”, “Үздік қақпашы”, “Үздік шабуылдаушы” номинациялары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, биыл Қазақстан полициясы күніне 31 жыл толды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру