Ақмолалық полицейлер жол апаттарына талдау жүргізіп, жол-көлік оқиғалары жиі болатын 75 учаскені анықтады
Ақмола полицейлері автожолдарда рейдтер жүргізіп, жүргізушілерді шаршап-шалдығуына тексеру жұмыстарын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция қызметкерлері Ақмола облысында автокөліктің қарсы жолаққа шығуы кезінде жәбірленушілермен болған апаттар саны артып келе жатқанын анықтады. Көп жағдайда бұл жүргізушілердің менмендігі мен немқұрайдылығына байланысты. Автокөлік әуесқойлары қауіпті жағдайда да, басып озу үшін саналы түрде тәуекелге барады.
Апаттың тағы бір себебі – зейіннің жоғалуы, шаршауы және көлік құралының рөлінде ұйықтап қалу. Ұйықтап жатқан жүргізушінің кесірінен көлік келе жатып қарсы жолаққа шыққан жағдайлар барған сайын тіркеліп жатыр.
5 жыл ішінде тәртіп сақшылары жолдардың ең проблемалы 75 учаскесін анықтады. Аталған учаскелерде 290 ЖКО тіркеліп, 54 адам қаза тауып, 519 адам түрлі жарақат алды. Талдау көрсеткендей, негізгі түрлері мен себептері: тәртіпті сақтамау – 66 дерек, кедергіге соғылу – 56 дерек, қарсы қозғалыс жолағына шығу – 42 дерек, аударылу – 30 дерек және т.б.
Жүргізушілердің назарын осы проблемаға аудару үшін Ақмола облысының полицейлері жедел жәрдем қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізді. Полиция мен медицина қызметкерлері жүргізушілердің шаршап-шалдығуына тексерді.
Қан қысымының, тамырдың соғуының, қанықтылықтың бұзылуы сияқты (шаршаудың тән белгілері).
Мысалы Қостанайдан Павлодарға ағаш жүгімен келе жатқан КамАЗ жүк көлігінің 50 жастағы жүргізушісінде жоғарыда аталған белілердің бірі анықталды. Жүргізуші азаннан жолға шыққанын айтты, сол аралықта тек бір сағат дем алған. Медицина қызметкерлері жүргізушіде қан қысымының жоғарылағанын байқап, дәрі-дәрмек ішкізіп, қысым тұрақтанғаннан кейін одан демалуды және таңертең жолға шығуды сұрады. Тәртіп сақшылары оны демалу орны бар жақын дәмханаға алып барды.
Ақмола облысының полицейлері барлық жүргізушілерге жолдарда аса сақ болуға, шаршаған жағдайда көлік құралын басқаруға жол бермеуге, ЖҚЕ сақтауға және қауіпті маневр жасамауға кеңес береді.