Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте погонды арулар волейболдан жарысқа қатысты

Шымкентте погонды арулар волейболдан жарысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай Шымкент қаласы ПД-ның ұйымдастыруымен нәзік жандар командалары арасында волейболдан жарыс өтті.

Ойынға полиция департаментіне қарасты бес ауданнан және аппарат қызметкерлерінен құрылған 6 команда қатысты.

Нәзік жандылар ойын барысында қызметте ғана емес, спортта да икемді әрі шапшаң екендерін көрсетті.

Жарыс нәтижесі бойынша департамент аппаратының арулары үздік көрсеткішке қол жеткізіп жүлделі І орынды иеленді.

Еңбекші ауданының нәзік жандылары ІІ орынды иеленсе, Абай ауданының қыздары жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен кубок, медальдар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру