Қарағанды облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары іссапармен Балқашқа барды
Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Балқаш өңірінде барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов жұмыс сапарымен Балқаш өңірінде болды. Ол өңірге жасаған сапарында жазғы маусым басталғалы Балқаш өңіріне демалушылардың көп келуіне байланысты сол жаққа апаратын Алматы – Екатеринбург тас жолының жағдайымен танысты.
Мәселен, осы бағыттағы жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында Қарағанды облысынан өтетін тас жолдың аса қауіпті жерлеріне 17 ескертпе банер ілініп, 2 патурльдік көліктің макеті қойылды. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасына түскен 6 көлік әр жерлерге ескертпе ретінде орналастырылған.
Жолдағы қауіпсіздік жағдайымен танысқаннан кейін департамент бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұлов қалалық әкімдікке қарасты Торанғалық және Шұбартүбек елді мекендеріне арнайы барды. Аталған елдімекендерде 39 демалыс орны бар. Бұл жерге тек Қазақстаннан ғана емес, алыс-жақын шет елдерден келіп демалатындар бар.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл жерге жазғы маусымда шамамен 80 мың демалушы келеді екен. Сондықтанда Ысмағұлов бұл жердегі қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында осы елді мекендерге уақытша полиция пунктін ашып, облыстық полиция департаментімен қалалық полиция басқармасынан қызметкерлерді қызмет атқаруға әкелді.
– Балқаш қаласына келіп демалушылардың қауіпсіздігін қадағалау, демалушылар арасында құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы жерде уақытша полиция пунктін аштық. Осыған орай облыстан тәртіп сақшыларын әкеліп, олар 1 қыркүйекке дейін осы аумақта қызмет атқаратын болады. Демалушылар арасында кей жағдайларда заңға қайшы әрекет ететіндер де көп кездесіп жатады. Сондықтанда бұл жаққа келген полиция қызметкерлері тәртіпті қадағалау мақсатында жұмыс атқаратын болады, – деді Құрманғали Ысмағұлов.
Сапар соңында ол қызмет атқаруға келген тәртіп сақшыларына қоғам тыныштығы үшін жұмыс атқаруға нұсқама берді.