Ақмолалық тұрғынның шаруашылық құрылысынан заңсыз сақталған қару табылды
10 шілде күні Бұланды АПБ учаскелік инспекторы өзінің әкімшілік учаскесін аралау барысында қаруды заңсыз сақтау дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
45 жастағы жергілікті тұрғынның айтуы бойынша, 2022 жылы ол учаскесі бар үй сатып алған. Оның шаруашылық құрылысында ЗК аңшылық мылтығының кесіндісі табылған. Ер адам табылған қаруды ішкі істер органдарына тапсыруды ұмытып кеткендігін хабарлады.
Полиция бөлімімен бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Атыс қаруын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Алынған мылтық сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
Тәртіп сақшылары атыс қаруын ерікті түрде тапсыру, адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.
2023 жылдың басынан бастап Ақмола облысында заңсыз айналымнан 80 бірлік атыс қаруы тәркіленді