Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері қоян-қолтық ұрыстан сайысқа түсті

"Динамо" дене-шынықтыру спорт қоғамында өткен Қостанай облысы ПД жеке командалық чемпионатына 20 құрама командадан 78 полиция қызметкері қатысып, өз бақтарын сынады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов қоян-қолтық ұрыстың полицияның жауынгерлік даярлығында ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Жақсы физикалық дайындық - тәртіп сақшылары үшін басты басымдық. Іс-шараны аша отырып, ол қызметтік міндеттерді лайықты орындаудың маңыздылығына назар аударды.

- Бұл спорт түрінен жарысқа қатысушы қызметкерлердің саны артып келеді. Бүгінде біздің спортшылар облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстарда өңір және ел намысын жоғары деңгейде қорғап жүр, - деді Ардана Саймағамбетов.

Жарыс жоғары деңгейде өтті. Барлық спортшылар жақсы дайындалған.

Жеке есепте жеңімпаз атанғандар:

- Итесов Вахид - Қамысты ауданының полиция бөлімінің қызметкері (57 келі);

- Сәтбек Есенгелдин - ЖҚАЖ жауынгері (62 келі);

- Диас Бакиев - ЖҚАЖ жауынгері (67 келі);

- Ермұхан Исниязов - ЖҚАЖ жауынгері (80 келі);

- Жалғас Жұмағалиев - ЖҚАЖ жауынгері (88 келі);

- Руслан Досыбаев - ОЖВ қызметкері (97 келі);

- Виктор Холодов-ОЖВ қызметкері (+97 келі);

- Мадияр Нұрғалиев - ПД қызметкері (+97 келі).

Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында командалық есепте 1-орынды Қамысты полиция бөлімі иеленді, 2-орынды полиция департаменті, 3-орынды - Қостанай ауданының полиция бөлімі иеленді. Құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері арасында команда бойынша 1-орын ЖҚАЖ бөлімі, 2-орынды ПД ОЖВ, 3-орынды желілік полиция бөлімі қанжығаға байлады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ маусым айында Астана қаласында өткен жекпе-жектен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аманбек Жаманқараевқа ПД және "Динамо" ДШСҚ басшылығынан жоғары спорттық шеберлігі үшін бағалы сыйлық табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру