Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда несиесін төлеу үшін танысының телефонын ломбардқа өткізген күдікті құрықталды

Кентауда несиесін төлеу үшін танысының телефонын ломбардқа өткізіп жіберген күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірді. Ер адамның айтуынша, оның танысы Iphone-11 Pro телефонын шұғыл біреуге қоңырау соғамын деген желеумен алып, телефонын қайтармастан оқиға орнынан “ізін суытқан”. Жәбірленушіге 500 мың теңге көлемінде шығын келген.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Ақпарат алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы күдіктіні ұстауға жұмылдырылды. Тыңғылықты іздеу жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдікті танысының телефонын алған бойда ломбардқа өткізіп, несиесін жапқан.

Тәртіп сақшылары қолды болған телефонды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру