Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері террористік тұрғыдан осал объектілердің иелері мен басшыларына қатысты 344 ұйғарым шығарды

Ақмола полицейлері террористік тұрғыдан осал объектілердің иелері мен басшыларына қатысты 344 ұйғарым шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды ұйымдастыру саласындағы жұмысты тұрақты негізде жүзеге асырады. Сондай-ақ объектілердің басшыларымен және меншік иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мәселен, 15 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында террористік тұрғыдан осал мыңнан астам объект орналасқан. Олардың 862-сі адамдар көп жиналатын объектілерге жатады. ҚР Үкіметі қаулысының және “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңының талаптары бойынша террористік тұрғыдан осал 455 объектінің сәйкестігі тексерілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоюға 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге объектілердің меншік иелері мен басшыларына қатысты ұйғарымдар енгізілген 344 объектінің терроризмге қарсы заңнама талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, ҚР ӘҚБтК 149-баптың 1-бөлігі бойынша 3 әкімшілік хаттама жасалды.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады, ал оны ұйымдастыру және өткізу тәртібі, түрлері, кезеңділігі және өзге де мәселелер нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау жөніндегі жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру