Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғын жаңа танысының телефонын қолды еткен

Елордалық тұрғын жаңа танысының телефонын қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр аудандық ПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 33 жастағы Астана қаласының тұрғынын ұстады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның Республика даңғылында белгісіз әйелді кездестіріп, онымен танысып, араласуға шақырғаны анықталды. Таныстыққа келіскен екеуінің отырысы үйдің кіреберісіндегі орындықтан басталған. “Күшті” сусындарды ішкеннен кейін, біраз уақыттан соң әйел ұйықтап қалған. Осы сәтті пайдаланған қаскүнем оның сөмкесінен Realme RMX3690 телефонын ұрлап, оқиға орнынан тайып тұрған.

Ер адам кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленіп алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

– Барлық уақытта қырағы болыңыз және бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Мүліктеріңізді қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаңыз, – деп ескертеді Астана қалалық ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру