Астаналық азамат алаяқтықпен таныстарының ақшасын қалтаға басқан
Астаналық жігіт БАӘ-ден телефон сататын дүкен ашуды ұсынып, азаматтарды алдап соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта полицияға 13-ке жуық алданған азамат өтініш білдірді, бірақ зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін.
Астаналық кәсіпкер азамат өз таныстарының сенімін пайдалана отырып, оларға БАӘ-ден телефон сатып алу және дүкен ашу үшін ақша салуды ұсынғаны анықталды. 1 млн теңге және одан да көп ақша «инвестицияланған».
Мәселен, Сарыарқа ауданының полиция басқармасына қала тұрғыны жүгініп, танысы оған жоғары пайда табу үшін ақшалай қаражатты «инвестициялауды» ұсынғанын хабарлады. Осылайша ол 6,4 млн теңгесінен айырылған.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаскүнем алған ақшаны жұмсап тастаған.
Қылмыстық істің 22 жастағы фигуранты қылмыс жасағанын мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.