Маңғыстау облысы ПД бастығы қалалық полиция басқармасы ғимаратының жай-күйімен танысты
Маңғыстау облысы ПД бастығы қалалық полиция басқармасы ғимаратының жай-күйімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының тапсырмасымен Ақтау қаласының полиция басқармасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Жаңартылған ғимараттың жай-күйімен танысу үшін Аян Дүйсембаев өзі қалалық басқармаға барды.
Облыстың бас сақшысы Аян Дуйсембаев әр кабинеттің жабдықталуына жіті мән беріп, қызметкерлердің қолайлы жұмыс жасауына толық жағдай жасалғандығына көз жеткізді. Ол жөндеу жұмыстарына жауапты болған мекеме қызметкерлеріне алғысын білдіріп, өз атынан алғыс хат табыстады.