Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір күнде 18 орынға есірткі қойып кеткен шымкенттік тұрғын ұсталды

Бір күнде 18 орынға есірткі қойып кеткен шымкенттік тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші АПБ-ның «102» арнасына жергілікті тұрғын есірткі қойып жүрген жас жігітті оқиға орнында ұстап алғанын айтып хабарласты. Шақырту бойынша жедел тергеу тобының қызметкерлері дереу оқиға болған аумаққа барды.

Күдіктінің жеке басын тінту барысында смартфонынан Telegram чат арқылы белгісіз тұлғамен хат алмасып, оның нұсқауларын бұлжытпай орындағаны анықталды . Кейін тәртіп сақшылары оның есірткі қойып кеткен жерлерін жеке-жеке тінтіп, жасырылған ұнтақтарды айғақ зат ретінде тәркіледі.

Нәтижесінде құқық бұзушы бір күнде 18 орынға полиэтиленді пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тығып үлгергені белгілі болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені расталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Белгілі болғандай жас жігіт 3 айдан бері “курьер” болып жұмыс істеген және күніне орта есеппен 20-25 орамды қойып кетумен айналысқан. Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру