Павлодарда супермаркеттерден тәтті ұрлаған күдіктілер қолға түсті
Павлодарда супермаркеттерден тәтті ұрлаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласындағы дүкендерге екі азамат ұрлыққа түскен. Олар дүкеннен тәттілерді қолды қылған. Сонымен, Сәтбаев көшесіндегі супермаркеттердің бірінде 29 жастағы ер адам Merci шоколадының үш қорабын ұрлап кетті. Сол күні кешке Назарбаев көшесіндегі супермаркеттен 49 жастағы ер адам төрт қорап кәмпитті қолды еткен.
Қазіргі уақытта ұрлық жасады деген күдікке ілінген азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.