Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есептегі азаматтарға психодиагностикалық аппаратпен зерделеу жұмысы жүргізілді

Қызылордада есептегі азаматтарға психодиагностикалық аппаратпен зерделеу жұмысы жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 тамызда Қызылорда қалалық пробация қызметінің психолог маманы Гүлзинат Жилкаманова пробация есебіндегі тұлғаларды қабылдап, «Ақсұңқар» психодиагностикалық зерттеу аппаратымен азаматтардың психологиялық мінез-құлқын анықтады.

– Қабылдау барысында 20 азаматқа танысу, ой бөлісу, пікір алмасу кезеңдері бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, мұндай шара бірінші кезекте «қызыл» санаттағы, яғни қайталап қылмыс жасауға бейімі бар сотталған азаматтарға өткізіліп жатыр. Жыл басынан бері 150-ден астам есептегі азамат осындай зерделеу жұмысына қатыстырылды, – деді Г.Жилкаманова.

– Психолог маманның қабылдауында болып, психологиялық тестілеуден өттік. Психолог маман өткізетін семинар тренингтерге де қалмай қатысамын. Алға қойған арманым мен мақсатым бар. Жеке кәсіп ашсам деп ниеттеніп жүрмін. Біз сияқты аяғын шалыс басқан азаматтарға психологтың қолдауы керек. Толғандырып жүрген сұрақтарымды қойып, маманның кеңесін алдым. Аңғалдықпен жасаған қылмысыма өкінемін. Енді қылмыс әлемінен бойымды аулақ ұстап, алдағы уақытта ата-анама көмектесіп, отбасылы болғым келеді, – дейді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру